2026 жылғы 12 қарашада Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» аумағында SCAT әуе компаниясының қызметкерлеріне «Оба: әуе кемесінің бортында карантиндік және аса қауіпті инфекцияға (КжАҚИ) күдік туындаған кездегі мамандар мен әуежай қызметтерінің іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға обаның эпидемиологиялық ерекшеліктері, қоздырғышы, жұғу жолдары, негізгі клиникалық белгілері және инфекцияның таралу қаупі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар әуе кемесінің бортында оба ауруына күдік туындаған жағдайда экипаж мүшелерінің, санитариялық-карантиндік бақылау мамандарының және әуежай қызметтерінің іс-қимыл алгоритмі, науқасты оқшаулау, медициналық ұйымға жеткізу, байланыста болған адамдарды анықтау және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









