Қазақстан Елшісі Корея халықаралық сауда қауымдастығының төрағасымен кездесті

    1 / 2

    Сеул, 2026 жылғы 11 қараша,Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Корея халықаралық сауда қауымдастығының (KITA) төрағасы, Қазақстан-Корея іскерлік кеңесінің тең төрағасы Юн Чжин Шикпен кездесті.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың а.ж. қыркүйекте Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

    Қазақстан Елшісі Мемлекет басшысының а.ж. 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, экономиканы жаңғырту, инновацияларды дамыту және шетелдік инвестицияларды тарту бағыттарының басым маңызын атап өтті.

    Осы тұрғыда Қазақстанның стратегиялық бастамаларын іске асыруға кореялық бизнес өкілдерін тартудың және екі ел арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

    Сонымен қатар, тараптар алдағы екіжақты іс-шараларды және Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті түрде орындауға өзара мүдделіліктерін растады және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуғауағдаласты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігі" жаңалықтары