Жаңа жолдар – Ақмола облысының жаңа мүмкіндіктері

    Республикалық маңызы бар Р-6 «Макинск – Ақсу – Торғай» автомобиль жолының 31-шақырымынан 71-шақырымына дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, жол пайдалануға берілді.

    Макинск – Ақсу – Торғай автожолы өңір үшін ерекше әлеуметтік-экономикалық маңызға ие. Ол Макинск, Мамай және Ақсу елді мекендерін байланыстырып, ауылдық аумақтардың көлік қатынасын жақсартады және жергілікті бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

    Жобаның маңыздылығы – аталған жол учаскесінің соңғы 40 жыл бойы жөнделмегендігінде. Осы уақыт ішінде жол жабынын жаңарту жергілікті тұрғындар көптен күткен оқиғаға айналды. Бүгінде жолға жаңа асфальтбетон жабыны төселіп, көлік қозғалысының қолайлылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

    Жоба аясында III техникалық санаттағы 40 шақырым жол жаңартылып, 278 мың шаршы метрден астам жаңа асфальтбетон жабыны төселді. Жұмысқа 60 маман мен 50 бірлік арнайы жол техникасы тартылды. Жол құрылысы барысында жергілікті өндірістің жол-құрылыс материалдары пайдаланылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары