Өрт сөндіру техникасының кедергісіз қолжетімділігі – адам өмірінің қауіпсіздік кепілі!

    1 / 12

    «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық акциясы аясында 2026 жылғы 24 қарашада Ақтау қаласындағы «Green Plaza» тұрғын үй кешенінің аумағында өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған арнайы алаң таныстырылды.

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен құрылыс нормаларына көппәтерлі тұрғын үйлердің аумағында өрт сөндіру техникасына арналған арнайы алаңдарды міндетті түрде қарастыру бойынша жаңа талаптар енгізілді.

    Аталған талаптарға сәйкес, арнайы алаңдар қызыл жолақпен белгіленуі, сондай-ақ «Аялдауға тыйым салынады» жол белгісімен және арнайы ақпараттық тақтайшамен жабдықталуы тиіс.

    Іс-шара барысында арнайы алаңның мақсаты мен маңыздылығы түсіндіріліп, өрт сөндіру техникасын орналастыру мүмкіндігі іс жүзінде көрсетілді.

    Жаңа құрылыс талаптарына сәйкес, мұндай алаңдар жаңадан салынатын тұрғын үйлердің жобаларында қарастырылуы тиіс. Ал қолданыстағы тұрғын үй кешендерінде арнайы алаңдарды жабдықтау бойынша жергілікті атқарушы органдармен және тұрғын үйлерді басқарушы ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізу көзделген.

    Тұрғын үй аулаларында автокөліктердің ретсіз тұраққа қойылуы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізуге айтарлықтай кедергі келтіреді. Төтенше жағдай кезінде әрбір минуттың адам өмірін сақтап қалуда шешуші маңызы бар.

    Осыған байланысты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт сөндіру техникасына арналған арнайы алаңдар мен кірме жолдарды автокөліктермен бөгемеуге және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

    Өрт сөндіру техникасына ашық жол – адам өмірін сақтап қалудың маңызды шарты.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары