Комиссия отырысында қысқы маусымға дайындық, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен білім беру нысандарының мәселелері қаралды.Күн тәртібіне үш негізгі мәселе енгізілді. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала және энергетика нысандарының, сондай-ақ республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль және теміржолдардың 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге дайындығы қаралды. Сонымен қатар, тұрғын үйлердегі газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталуы бойынша газ-техникалық инспекциясының жұмысы тыңдалды. Бұдан бөлек, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлер мен білім беру нысандарының қазіргі жағдайы, олардағы негізгі проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









