Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құраммен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жарияланған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылауға арналған кездесу өтті.
Департаменттің заң бөлімінің бас маманы Құдайбергенов Әділ қатысушыларды Жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстырып, елдің одан әрі дамуына бағытталған басым міндеттер мен бастамаларға тоқталды.
Кездесу барысында заңдылықты нығайту, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асырудағы әрбір қызметкердің жеке үлесінің маңыздылығы қарастырылды.
Кездесу соңында қойылған міндеттерді жүйелі түрде орындау, қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарау және Қазақстанның дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысу қажеттігі атап өтілді.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









