Маңызды дүниеге үйрететін кездесулер

    1 / 12

    «Некрасова атындағы ағылшын мектебі» ЖШС-нің 160 оқушысы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен Азаматтық қорғау музейіне экскурсиямен барды.

    Экскурсия барысында оқушылар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жауапты қызметімен жақынырақ танысып, азаматтық қорғау бөлімшелерінің жұмысы туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ күн сайын адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғау жолында еңбек ететін мамандардың қызмет жағдайымен танысуға мүмкіндік алды.

    Балаларға өрт сөндіру-құтқару техникасы, арнайы құрал-жабдықтар мен жауынгерлік киім-кешек көрсетілді. Оқушылар өрт сөндіру көлігінің кабинасына отырып, өздерін нағыз өрт сөндірушілердей сезінді. Тіпті кейбір балалар болашақта өрт сөндіруші болуды армандайтындарын да жасырмады.

    Ал Азаматтық қорғау музейінде оқушылар құтқару қызметінің қалыптасу және даму тарихымен танысты.

    Мұндай кездесулер балалардың таным көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құтқарушылар еңбегін бағалауға және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етеді. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың бойында батылдық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырып, болашақ мамандықты таңдауға да жол ашады.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары