Маңғыстау облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға жауапты мердігер мекемелердің дайындығына комиссиялыққарауларжүргізілді.
Қарау-тексерудіңнегізгі мақсаты – қысқы кезеңде автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарлы боран, көктайғақ және қолайсыз ауа райы жағдайларында жол қозғалысының үздіксіздігін сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу.
Комиссия мүшелері мердігер ұйымдардың қысқы кезеңге дайындығын
қарау-тексеру барысында арнайы жол техникасының әзірлігін, жанар-жағармай қорының жеткіліктілігін, құм-тұз қоспасы мен инертті материалдардың қорын, қар тазалау және жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтардың жай-күйін қарады.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









