Дер кезінде байқау үшін: Абай облысында малға жарық шағылыстырғыш элементтер тағылуда

    Қараңғыда жолдағы малды жүргізуші тым кеш байқауы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту үшін Абай облысының полицейлері малға жарық шағылыстырғыш элементтер тағу жұмыстарын жүргізуде. Көлік фарасының жарығында олар малды алыстан көрінуге көмектеседі.

    Мұндай жол апаттарының салдары адам өмірімен өлшенуде: өңірде малға қатысты болған жол-көлік оқиғаларында екі адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды.

    Алдын алу шараларымен қатар, полицейлер қараусыз қалған малдарды да анықтауда. Барлығы 11 438 бас мал уақытша ұстау орындарына қамалды. Оның 10 825-і ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесінде тіркелген болса, 613-і есепте жоқ болып шықты.

    Барлық мал иелеріне қайтарылды. Бұл ретте бұған дейін есепте болмаған 613 бас мал сәйкестендірудің қажетті рәсімдері — сырғалау, чиптеу және басқа да шаралар жүргізіле отырып, жүйеге тіркелді.

    Абай облысы Полиция департаменті мал иелеріне ескертеді: жарық шағылыстырғыш элементтер — қауіпсіздіктің қосымша ғана шарасы. Ол малды үнемі қадағалауды алмастыра алмайды. Малды қараусыз жайып, жолға шығып кетуіне жол бермеңіз.

    Ал жүргізушілер жол жиегінде мал пайда болғанда жылдамдықты азайтып, әсіресе қараңғы уақытта барынша мұқият болуы қажет. Мал иелерінің жауапкершілігі мен рөлдегі сақтық адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары