Отанға деген сүйіспеншілік істен басталады: жолдасыңа қолдау көрсету, әлсізді қорғау, туған жеріңді аялау және сөзіңде тұру. Абай облысы Полиция департаментінің «Жас сақшы» сыныптарына арналған бейнежобасы тура осы туралы сыр шертеді.
Роликтердің кейіпкерлері — жасанды интеллект көмегімен жасалған оқушылар бейнесі. Олардың хикаялары арқылы жас көрермендер тәртіпті, батылдықты, әділдік сезімін және еліне пайдалы болуға дайындықты тәрбиелейтін қозғалыспен танысады.
Бейнесюжеттерде саптық және дене дайындығы сабақтары, полиция қызметімен танысу, патриоттық іс-шараларға, қоғамдық және экологиялық акцияларға қатысу көрсетіледі. Әрбір эпизодтың артында — ортақ іске деген жауапкершілік, адамдарға деген құрмет және қиындықтарға төтеп бере білу жатыр.
Жобада «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» құндылықтарына ерекше орын берілген. Заңды құрметтеу, ар-ұжданға сай әрекет ету, туған жерге қамқор болу — бұл қағидаттар оқушыларға түсінікті өмірлік жағдайлар арқылы ашылады.
«Жас сақшы» мектеп қабырғасынан-ақ сенің таңдауыңа көп нәрсе байланысты екенін сезінуге көмектеседі. Буллингке бей-жай қарамау. Қиындыққа тап болғанға көмектесу. Достарыңмен бірге туған қалаңның тазалығын сақтауға ат салысу. Еліңнің тарихын зерттеу және оның қауіпсіздігі күзетінде тұрғандарды құрметтеу.
Заманауи технологияларды пайдалана отырып, полицейлер өскелең ұрпақтың қызметке деген қызығушылығын және Қазақстанға деген мақтанышын оятады. Өйткені Отан қорғаушыны тәрбиелеу — намыс, борыш және адамдарға қамқорлық өмірлік ұстанымына айналған тұлғаны қалыптастырудан басталады.
Қазақстанның болашағы бүгіннен қалыптасады — мектеп қабырғасында, жасалған әрбір игі істе және қабылданған алғашқы жауапты шешімдерде.
«Жас сақшы» — болашақ бүгіннен басталады! 68edited 11:46
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









