Қабырғалардағы қауіпті жарнаманы жойып, есірткі таралуы мәселесіне назар аударту.
Абай облысында студенттер полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Есірткіге қарсымыз!» акциясына қатысуда. Бір аптаның ішінде есірткіні насихаттайтын 240 граффити жазуы өшірілді.
Акция «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Абай облысы Полиция департаментінің қолдауымен өтіп жатыр. Ол жастар мен тәртіп сақшыларын ортақ міндетке — қоғамдық орындарды қауіпсіз етуге және жастардың есірткі қылмысына араласуына жол бермеуге жұмылдырды.
Сырт көзге жай жазу болып көрінген граффитидің артында есірткі сататын сайттардың сілтемелері жасырынып тұруы мүмкін. Осындай жазуларды өшіру арқылы акцияға қатысушылар қауіпті жарнаманың таралу жолын кеседі.
Студенттер үшін бұл — қатарластарына үлгі көрсетудің нақты мүмкіндігі. Туған қалаға қамқорлық — осындай нақты істерден басталады. Күмәнді жазуға бей-жай қарамау, жеңіл ақшадан бас тарту, досына дер кезінде ескерту жасау — мұның бәрі әркімнің қолынан келетін үлес.
«Есірткісіз қоғам — жарқын болашақ кепілі!» 5412:09
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









