1 / 5
Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н.М. Әбдіровтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске облыстық, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, сондай-ақ құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кеңес барысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы талаптарының сақталуы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ мәслихат депутаттарының алдағы кезектен тыс сайлауын өткізуге тиісті қызметтердің дайындығы мәселелері қаралды.
Маңғыстау облысы ТЖД
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









