Қазақстан жақындай түсуде: Лондонда еліміздің туристік әлеуеті таныстырылды

    1 / 10

    Лондон, 2026 жылғы 10 қараша– Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінде британ нарығында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған «Discover Best Silk Road Destination Kazakhstan» атты іс-шара өтті.

    Іс-шара «Air Astana» әуе компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Оған британдық туристік операторлар мен агенттіктердің 60-тан астам өкілі қатысты.

    Іс-шарада Елші Әлібек Бақаев кіріспе сөз сөйлеп, еліміздің туристік кластерді дамыту және көлік байланысын нығайту бағытындағы басымдықтарына тоқталды. Сонымен қатар, Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі екіжақты өзара іс-қимылды, оның ішінде туризмді дамыту және екі ел азаматтары арасындағы байланыстарды нығайту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін берік құқықтық негіз қалыптастыратынын ерекше атап өтті.

    Өз кезегінде, «Air Astana» АҚ Директорлар кеңесінің аға кеңесшісі Питер Фостер Қазақстанды халықаралық туристік нарықтарда ілгерілету жөніндегі бастамаларды қолдағаны үшін алғыс білдіріп, шетелдік туристер үшін еліміздің көлік қолжетімділігін қамтамасыз етудегі әуе компаниясының маңызды рөлін атап өтті.

    Іс-шара аясында «SKY Way Travel» компаниясының өкілі Насиба Камердинова Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады. Қатысушыларға Ұлы Жібек жолының бай тарихи-мәдени мұрасы, бірегей табиғи ландшафттары, тарихи көрікті жерлері, сондай-ақ Қазақстандағы туристік бағыттар мен төл болмысымызды танытатын демалыс түрлерінің сан алуандығы таныстырылды.

    Британ туроператорлары және туристік агенттіктермен ынтымақтастықты дамыту әлеуетіне, оның ішінде жаңа туристік өнімдерді әзірлеуге және Қазақстанды британ туристеріне арналған саяхат бағдарламаларына енгізуге ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары