Маңғыстау облысында химиялық қауіпті объектідегі ықтимал тәуекелдер бағаланды

    1 / 5

    Маңғыстау облысы Т ЖД қызметкерлері профилактикалық жұмыс аясында өндірістік қызметінде тұз қышқылы пайдаланылатын «Basechem» ЖШС-не барып, онда КӘУЗ -ді сақтау жағдайларымен танысты.

    Кәсіпорын өкілдерімен бірлесіп, мамандар өндірістік процестермен, химиялық затты сақтау және пайдалану жағдайларымен танысты. Кәсіпорын қала аумағынан тыс жерде, арнайы экономикалық аймақ аумағында орналасқан. Сонымен қатар, объектіде күшті әсер ететін улы заттарды сақтау кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптары сақталады. Мұндай іс-шаралар ықтимал төтенше жағдайларды алдын ала зерделеуге және олардың алдын алуға бағытталған.

    Маңғыстау облысы ТЖД

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары