2026 ЖЫЛҒЫ 29 ҚАЗАНДА СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «КӘСІПКЕРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

    1 / 4

    Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы, кәсіпкерлер мен инвесторлар, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, Ұлттық Банк, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері қатысты.

    Сонымен қатар форумға мәслихат аппаратының басшысы Азат Құсайынов және Семей қаласы мәслихатының бұрынғы депутаттары Рауан Есмағанбетов пен Асқар Абдуллин қатысты.

    Форум мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік қауымдастықтың, қаржы институттары мен инвестициялық сала өкілдерінің басын қосты. Іс-шара барысында кәсіпкерлікті дамыту, бизнесті мемлекеттік қолдау, инвестиция тарту және өңір экономикасын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.

    Салтанатты шара аясында қала дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша Рауан Есмағанбетов Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Рауан Есмағанбетовті лайықты марапатымен құттықтаймыз!Алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге жетіп, қала мен өңірдің игілігі жолындағы еңбегіне жеміс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласы мәслихатының аппараты" жаңалықтары