
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов мәслихат аппаратының ардагері Атабек Абдулғалымұлына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Айтулы күн Атабек Абдулғалымұлы үшін ерекше мәнге ие. Себебі Қарттар күнімен қатар, бүгін ардагердің туған күні де аталып өтуде.
Семей қаласы мәслихатының депутаттық корпусы атынан Атабек Абдулғалымұлына құттықтау адресі мен естелік сыйлық табысталып, ізгі тілектер білдірілді.
Атабек Абдулғалымұлы өмірінің талай жылын Семей қаласы мәслихатының жұмысына арнап, өз ісіне деген жауапкершілігі мен тиянақтылығын, еңбекке деген адалдығын көрсете білді.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген халық даналығы бар. Өнегелі өмір жолы мен ұзақ жылғы еңбегі арқылы Атабек Абдулғалымұлы бүгінде әріптестері мен кейінгі буынға үлгі боларлық қадірлі ардагерге айналып отыр.
Қос мереке иесіне зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілейміз! Шаңырағыңыздан шаттық пен молшылық арылмай, әрбір күніңіз қуанышқа толы болсын!
Қарттарымызға құрмет көрсету – ұрпақ парызы, өткенге тағзым мен болашаққа өнеге.








