Семей қаласы мәслихатының аппараты

    Мәслихат туралы

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат өз құзыреті шегінде тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекітеді, олардың орындалуын бақылайды, өздерiнің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешеді, Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны мәслихат сессиясы болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Тұрғындардың назарына!

    Тұрғындардың назарына! Семей қаласы мәслихатының аппараты Семей қаласының бірқатар көшелерін қайта атау туралы Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларында 2026 жылғы 9 қарашада сағат 11:00-де Абай атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында (Абай көшесі, 86, 2-қабат) өткізілуі жоспарланған көпшілік тыңдаулардың өткізілмейтінін хабарлайды. Аталған көпшілік тыңдаулар туралы хабарландыру осы сайтта 2026 жылғы 9 қазанда жарияланған болатын. Қоғамдық тыңдаулардың өткізілмейтіндігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшілік тыңдауларды өткізу күні мен уақыты туралы қосымша ақпарат белгіленген тәртіппен тиісті хабарландыру жариялау арқылы хабарланады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Семей қаласы мәслихатының аппараты

    23 қазан 2026 ж. – 9 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

    202 6 жылғы 9 қарашада сағат 11.00-де Абай атындағы облыстық кітапхананың залында (Абай көшесі 86, 2 қабат) Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларында Семей қаласының бірқатар көшелерін қайта атау туралы көпшілік тыңдаулар өткізіледі. Қалалық мәслихат аппараты

    9 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    ХАБАРЛАМА Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заңы) 10-бабына сәйкес Семей қаласының мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы учаскелердегі сайлаушылар санына байланысты, қала аумақтық сайлау комиссиясымен анықталды. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Шығып қалған мүшелерінің орнына комиссияны қалыптастыру кезінде қалған мерзімге жүргізіледі . Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатураны ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына, осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда мәслихаттар өзге де қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 9 қыркүйектен бастап 23 қыркүйекке дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады: 1) электрондық және қағаз форматтағы белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы кандидатуралар туралы мәліметтер; 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы үзінді көшірмені; 3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) орнатылған нысан бойынша тиісті мәслихатқа жіберілген, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісу туралы кандидаттың өтініші. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесi, осы комиссия құрамын қалыптастырған, тиістi маслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұруға тиiс. Сайлау туралы Конституциялық Заңының 23-бабы 3-тармағында қарастырылған, сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс. Сайлау комиссиясының құрамында жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, толық текті апалы-сіңлілер, ата-апалар, немерелер) және жұбайы (зайыбы) болмауы тиіс. Мәслихатқа қағаз түрінде ұсынылған барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен басылған және орындау күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты- жөнінің бірінші әріптері және оның телефон нөмірлері болу қажет. Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 9 қыркүйектен бастап 23 қыркүйекке дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады. Семей қала сының мәслихаты Сагандыков Еркен Заманбекович – Семей қаласы мәслихатының төрағасы. Мәслихаттың орналасқан жері: Семей қаласы, Мәңгілік ел,4, 101 кабинет. Жауапты тұлға – Ракишева Жансая Баяновна, қызметтік телефондар: 354510,35-44-34, электронды мекенжайы: [email protected] Ұсынымдарға 5.1-қосымша _________ Семей қаласының мәслихатының _____ (мәслихаттың толық атауы) төрағасына _________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) _______________________________________________тұратын (облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ, _________________________________________________________ аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________ (ұялы телефондардың нөмірлері) Өтініш Мен,___________________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) ______________________________________________________________________ (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, № ____ учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін. Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар ________________________________ ( иә, ___ жыл/ жоқ) Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ. Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын . Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін. Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін. 2026 жылғы «____»____________ _________________________ (өтініш берушінің қолы) Өмірбаяндық деректер: Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________ Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _______________________________________________ Ұлты * _______________________________ Партиядағы мүшелігі * _________________________________________________________ Білімі _______________________________________________________________________ Мамандығы __________________________________________________________________ Жұмыс орны немесе кәсіп түрі ___________________________________________________ Атқаратын қызметі _____________________________________________________________ Жеке куәліктің деректері _______________________________________________________ (куәлік нөмірі, қашан және кім берген) Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**. Ескертпе : * Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі. ** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Өтінішке қосымша Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә.) р/б Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ескертпе 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10.

    9 қыркүйек 2026 ж. – 23 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    Сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып кеткен мүшелерінің орнына кандидатуралар бойынша, ұсыныстар 202 6 жылдың 19 мамырынан 2 маусымға дейін сағат 9.00-ден 18. 30 - ға дейін (үзіліс 13.00-дан 14.30-ға дейін) мына мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 4 № 101 кабинет (қалалық мәслихат аппараты), анықтама үшін тел.: 35-45-10. = Қалалық мәслихаты аппараты =

    19 мамыр 2026 ж. – 2 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Хабарландыру

    Сайлау комиссияларының құрамдарынан шығып кеткен мүшелерінің орнына кандидатуралар бойынша, ұсыныстар 202 6 жылдың 13 ақпанынан 27 ақпанына дейін сағат 9.00-ден 18. 30 - ға дейін (үзіліс 13.00-дан 14.30-ға дейін) мына мекенжай бойынша қабылданады: Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 4 № 101 кабинет (қалалық мәслихат аппараты), анықтама үшін тел.: 35-45-10. = Қалалық мәслихат аппараты =

    13 ақпан 2026 ж. – 27 ақпан 2026 ж.Тікелей
    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі 59 сессиясы

    Қалалықмәслихаттың кезектісессиясының күн тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихатыШЕШТІ: Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілсін: 1.2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары және2026–2027 жылдардағы қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық барысы туралы есеп. 2.Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 51/272-VIII «Семейқаласындаоңайлатылғандекларациянегізіндеарнаулысалықрежимінқолданукезінде салықмөлшерлемесініңмөлшерінтөмендетутуралы» шешімінің орындалу барысы туралы. 3.Семей қаласының денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі және халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі туралы. 4.2026–2027 жылдардағы су тасқыны қаупі бар кезеңнен өтуге дайындық барысы туралы. 5.«Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы№ 52/277-VIII «Семей қаласының 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 6.Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы26 желтоқсандағы № 53/283-VIII «Абай облысы Семей қаласының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы». 7.«Семей қаласының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы № 57/311-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы». 8.«Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы№ 57/312-VIII «Семей қаласының кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». 9.«Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 14/82-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». 10.Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы28 маусымдағы № 28/156-VIII «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 11.Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы9 қыркүйектегі № 31/227-VІI «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы. 12.«Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы менштаттары туралы»Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 43/231-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы. 13.Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңаданмүшелерсайлаутуралы.

    Жарияланды:
    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 59/330-VIII "Сайлау комиссияларынан шыққандардың орнына жаңадан мүшелер сайлау туралы "

    Сайлау комиссияларынан шыққандардыңорнына жаңадан мүшелер сайлау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 19 баптарына сәйкес және дауыс берудің қорытындысы негізінде Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Учаскелік сайлау комиссияларының босатылған мүшелерінің орнына сайлансын: 1 № 7 Токумбаева Сымбат Мураткызы «Әділет» партиясы филиалы 2 № 29 Сулейменова Айжан Елеусизовна «Әділет» партиясы филиалы 3 № 34 Молдамсеитова Галия Оралкановна «Әділет» партиясы филиалы 4 № 37 Тайжанова Асем Бакыткалиевна «Әділет» партиясы филиалы 5 № 74 Жакупжанова Алия Советбекқызы «Әділет» партиясы филиалы 6 № 96 Исмаилхаджиева Гулмира Толеуболсыновна «Әділет» партиясы филиалы 7 № 101 Бакиева Шолпан Мухатовна «Әділет» партиясы филиалы 8 № 103 Саньязов Ержан Архимедович «Әділет» партиясы филиалы 9 № 7 Оразғали Алуа Оразғалиқызы «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 10 № 8 Оразбаев Саят Кайроллаевич «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 11 № 11 Сейтназарова Амина Сакеновна «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 12 № 12 Ерғалиева Ақмарал Айдынқызы «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 13 № 17 Нагмажанова Раушан Нурлановна «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 14 № 34 Умирбеков Мадияр Кусаинович «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 15 № 39 Каратаев Ержан Серхилович «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 16 № 480 Омарова Жанар Жумашевна «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалы 17 № 5 Идрисов Ахат Несипханович «ERTIS REGION» ҚҚ 18 № 11 Турсын Азамат Сериккалиулы «ERTIS REGION» ҚҚ 19 № 26 Батырханова Дана Парасатовна «ERTIS REGION» ҚҚ 20 № 28 Жакупбаева Динара Ерганатовна «ERTIS REGION» ҚҚ 21 № 29 Султаев Бауыржан Нурбекович «ERTIS REGION» ҚҚ 22 № 31 Нурпеисова Асель Жумахановна «ERTIS REGION» ҚҚ 23 № 36 Катаева Гульнур Максутовна «ERTIS REGION» ҚҚ 24 № 39 Конаева Салтанат Базарбековна «ERTIS REGION» ҚҚ 25 № 40 Қайратбекқызы Амангүл «ERTIS REGION» ҚҚ 26 № 42 Акрамова Дарига Далелхановна «ERTIS REGION» ҚҚ 27 № 48 Бейсешова Марал Еркенкызы «ERTIS REGION» ҚҚ 28 № 49 Русанова Виктория Викторовна «ERTIS REGION» ҚҚ 29 № 480 Бейсенгазинова Назерке Нұрланқызы «ERTIS REGION» ҚҚ 30 № 76 Бактиярова Эльнара Серикқызы «ERTIS REGION» ҚҚ 31 № 90 Калденова Айжан Сагатбековна «ERTIS REGION» ҚҚ 32 № 95 Жунусова Анар Бекетовна «ERTIS REGION» ҚҚ 33 № 7 Жузбаева Айгерим Кенжебековна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 34 № 11 Саматова Балауса Даулетханкызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 35 № 12 Балтабаева Аружан Ергазыевна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 36 № 25 Мәулітова Жанерке Мәулітқызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 37 № 26 Багаева Мария Ринатовна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 38 № 34 Мухамедиярова Райгүл Талғатқызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 39 № 35 Алтынболат Әйгерім Ерболатқызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 40 № 46 Байгалиева Фарида Алимовна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 41 № 49 Мазимбиева Ақтоты Советқызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 42 № 57 Кожанова Гульжан Жандарбековна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 43 № 59 Қадырова Ельнара Ержанқызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 44 № 77 Жумурбаева Раушан Рымвалиевна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 45 № 84 Хасенова Мадина Сайлаувбековна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 46 № 95 Кожабекова Гаухар Кожабековна «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 47 № 97 Оралова Сымбат Аманғазықызы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 48 № 101 Алибеков Жақсылық Ғалымұлы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» ҚҚ 49 № 8 Дженбаева Куралай Берикбаевна «Сана» ЖҚБ 50 № 11 Муликова Айгерим Курманбековна «Сана» ЖҚБ 51 № 13 Капарова Айсара Мухаметкалиқызы «Сана» ЖҚБ 52 № 27 Омиргалина Салтанат Агзамовна «Сана» ЖҚБ 53 № 38 Бектурова Асель Адайхановна «Сана» ЖҚБ 54 № 49 Лейс Елизавета Евгеньевна «Сана» ЖҚБ 55 № 53 Мавленова Диляра Бекмухамбетовна «Сана» ЖҚБ 56 № 57 Кожаев Жандос Канатович «Сана» ЖҚБ 57 № 66 Бармакова Айгерим Серикбаевна «Сана» ЖҚБ 58 № 68 Бекежанова Айман Турсынгалиевна «Сана» ЖҚБ 59 № 87 Қадыров Аян Қанатұлы «Сана» ЖҚБ 60 № 90 Куркебаева Шынара Жумабековна «Сана» ЖҚБ 61 № 92 Серсембай Алан Ерланұлы «Сана» ЖҚБ 62 № 101 Еркебаев Азамат Сатыбалдыевич «Сана» ЖҚБ 63 № 108 Манарбекұлы Жандос «Сана» ЖҚБ 64 № 141 Кенжебеков Орынгазы Рыспаевич «Сана» ЖҚБ 65 № 14 Мусатаева Шолпан Сейтказиевна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 66 № 15 Сагимбаева Жанар Амангельдиновна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 67 № 17 Зеева Жанат Шамшираковна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 68 № 19 Карібаев Дәулет Серікұлы «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 69 № 30 Буругажинова Рысбике Жолдамбековна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 70 № 40 Ажитаева Арайлым Сағатбекқызы «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 71 № 46 Оразбекова Нурзада Гизатовна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 72 № 50 Аркенова Молдир Сериковна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 73 № 52 Саитбеков Тимур Саитбекұлы «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 74 № 480 Жолбарисова Макпал Берикказыевна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 75 № 76 Советова Азиза Алмасовна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 76 № 77 Тлеуханов Серікжан Нұржанұлы «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 77 № 81 Танашева Жанара Оразовна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 78 № 82 Сагындык Малика Мараткызы «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 79 № 90 Рахымбекұлы Жұлдызбек «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 80 № 95 Талгатова Толганай Сериковна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 81 № 96 Куанышев Алимжан Ерболович «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 82 № 97 Дюсекенов Бауыржан Серикханович «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 83 № 106 Жабай Жанбота Ерғазыұлы «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ 84 № 133 Аземукамбетова Мольдир Ержановна «Чернобыль мүгедектерінің еркін қоғамы» ҚБ Осы шешім «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының аппараты» ММ ресми сайтында МО ИРБП-де (мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай порталы) орналастырылсын. Семей қаласы мәслихатының төрағасы Е. Сагандыков

    Жарияланды:
    Шешім

    Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымының 2026 жылғы 31 шілдедегі 58 сессиясы

    Қалалық мәслихаттың кезектен тыссессиясының күн тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының негізінде Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ: Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін: «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277–VIII «Семей қаласының 2026 - 2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»; «Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/283-VIII «Абай облысы Семей қаласының 2026 - 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Семей қаласы мәслихатының төрағасы Е. Сагандыков

    Жарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы № 15 ХАТТАМАСЫ

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы № 15 ХАТТАМАСЫ Семей қаласы2026 жылғы 30 шілдеМәңгілік Ел көшесі, 4, 102-кабинет 16:00 Төраға: Г.К. Алтынбекова – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы.Хатшы: А.А. Виликс – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы. Қатысқандар: Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат аппаратының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, Семей қаласы Полиция басқармасының өкілдері, шешім жобаларын әзірлеушілер. КҮН ТӘРТІБІ: Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау. Семей қаласы мәслихатының «Абай облысы Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешімі жобасын қарау. Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасы бастығының 2025 жылы атқарылған жұмыстар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Семей қаласы мектептеріндегі буллинг жағдайы туралы ақпаратын тыңдау. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі жобасын қарау. ТЫҢДАЛДЫ: Г.К. Алтынбекова сөз сөйлеп, Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі Қоғамдық кеңестің қарауына Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасын ұсынғанын хабарлады. Қаралып отырған жоба бойынша Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржанұлы баяндама жасап, 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетіне енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат берді. Өзгерістер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес әзірленгені және бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін нақтылауды, бюджеттік қаражатты қайта бөлуді, трансферттер көлемін өзгертуді, сондай-ақ қаланың басым даму бағыттарын қаржыландыруды көздейтіні атап өтілді. СӨЙЛЕГЕНДЕР: Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, бюджеттік қаражаттың жұмсалу бағыттары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, жол инфрақұрылымы, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт салаларындағы іс-шараларды іске асыру бойынша сұрақтар қойды. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шешім жобасын әзірлеушінің ақпараты назарға алынсын. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 52/277-VIII «2026–2028 жылдарға арналған Семей қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі жобасы мақұлдансын. Семей қаласының мәслихатына шешім жобасын ұсынылған редакцияда қабылдау ұсынылсын. Семей қаласының әкімдігіне бюджеттік қаражаттың тиімді, нысаналы және уақтылы пайдаланылуын қамтамасыз ету ұсынылсын. Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласының мәслихатына жолдансын. Семей қаласы мәслихатының «Абай облысы Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешімі жобасын қарау. ТЫҢДАЛДЫ: Жоба бойынша ақпаратты Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тәттібеков Болат Бауыржанұлы ұсынды. Баяндамашы даму жоспары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарын, негізгі мақсаттары мен міндеттерін, нәтижелілік көрсеткіштерін және орта мерзімді кезеңге арналған іс-шараларды іске асыру тетіктерін айқындайтынын атап өтті. СӨЙЛЕГЕНДЕР: Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаны қолдап, оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, мемлекеттік саясаттың басымдықтарына және қаланы кешенді дамыту міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Әзірлеушінің ақпараты назарға алынсын. «Абай облысы Семей қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешім жобасы мақұлдансын. Семей қаласының мәслихатына шешім жобасын бекіту ұсынылсын. Атқарушы органдарға даму жоспарын іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету, халықты мақсатты көрсеткіштердің орындалуы туралы тұрақты хабардар ету және іс-шаралардың орындалуына қоғамдық мониторинг жүргізу ұсынылсын. Шешімдер бірауыздан қабылданды. Абай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасы бастығының 2025 жылы атқарылған жұмыстар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Семей қаласы мектептеріндегі буллинг жағдайы туралы ақпаратын тыңдау. ТЫҢДАЛДЫ: Семей қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының орынбасары Қапатаев Саят Кеңесбекұлының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі және олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараты тыңдалды. Профилактикалық жұмыстардың нәтижелері, білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл, рейдтік іс-шараларды өткізу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ювеналды полицияның қызметі және жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған шаралар атап өтілді. СӨЙЛЕГЕНДЕР: Қоғамдық кеңес мүшелері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, полицияның білім беру ұйымдарымен, ата-аналар қауымдастығымен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын күшейту мәселелерін талқылады. ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Семей қаласы Полиция басқармасының ақпараты назарға алынсын. Семей қаласы Полиция басқармасына кәмелетке толмағандар арасында жүйелі профилактикалық жұмысты жалғастыру ұсынылсын. Білім беру ұйымдарымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, ата-аналар комитеттерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейту ұсынылсын. Буллингтің, кибербуллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды жалғастыру ұсынылсын. Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстың нәтижелері туралы Қоғамдық кеңесті тұрақты түрде хабардар ету қамтамасыз етілсін. Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Г.К. Алтынбекова Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы А.А. Виликс

    Жарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 14 ХАТТАМАСЫ

    №14 ХАТТАМА Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы Семей қаласы 2026 жылғы 17 шілде Абай көшесі, 97 16:30 Төраға: Алтынбекова Г. К. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Хатшы: Виликс А.А. – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы. ҚАТЫСҚАНДАР: Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары. КҮН ТӘРТІБІ Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №57/312 VIII «Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын қарау. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №57/312 VIII «Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасын қарау ТЫҢДАЛДЫ: «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Баяндамашы шешім жобасының Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №381 бұйрығына сәйкес әзірленгенін хабарлады. Шешім жобасының мақсаты – қолданыстағы мәслихат шешімін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру, кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін есептеу тәртібін жаңарту және құқықтық реттеуді жетілдіру болып табылады. Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаны талқылады. Талқылау барысында: жоба қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленгені; енгізілетін өзгерістердің құқықтық сипатта екені; жобаны қабылдау жергілікті бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейтіні; тұрғын үй қатынастары саласындағы құқықтық айқындықты қамтамасыз ететіні; көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін басқаруды жетілдіруге ықпал ететіні атап өтілді. Жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. ҚАУЛЫ ЕТТІ: Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 19 маусымдағы №57/312 VIII «Семей қаласында кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы мақұлдансын. Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылсын. Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің қорытындысы бекітілсін. Әзірлеуші мемлекеттік органға шешім жобасын белгіленген тәртіппен Семей қаласы мәслихатының қарауына енгізу ұсынылсын. Осы хаттама және Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласы мәслихатына және әзірлеуші мемлекеттік органға жолдансын. Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы ________________ Г. Алтынбекова Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің хатшысы ________________ А. Виликс

    Жарияланды:
    Хаттама

    Семей қаласы Қоғамдық кеңесі отырысының № 13 ХАТТАМАСЫ

    № 13ХАТТАМА Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы Семей қаласы 2026 жылғы 22 маусым Абай көшесі, 97 16:30 Төраға: Алтынбекова Г. К. – Семей қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Хатшы: Виликс А.А. – Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы. ҚАТЫСҚАНДАР: Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері. КҮН ТӘРТІБІ Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасын қарау. ТЫҢДАЛДЫ: «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Баяндамашы шешім жобасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №202 қаулысына сәйкес әзірленгенін атап өтті. Жобаның негізгі мақсаты – әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін жаңартылған заңнамаға сәйкес Семей қаласы мәслихатының қолданыстағы шешіміне толықтыру енгізу. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер жергілікті нормативтік құқықтық актіні қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге және мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны айтылды. СӨЗ СӨЙЛЕДІ: Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған шешім жобасын талқылады. Талқылау барысында: жоба жергілікті атқарушы және өкілді органдардың құзыреті шегінде әзірленгені; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетіні; жобаны іске асыру қосымша бюджет қаражатын талап етпейтіні; жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қосымша қаржылық ауыртпалық туғызбайтыны; енгізілетін толықтырулар әлеуметтік көмек көрсету тетіктерінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны; жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны атап өтілді. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ. ҚАУЛЫ ЕТТІ: Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы №14/82–VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» шешім жобасы мақұлдансын. Жоба Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп танылсын. Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің қорытындысы бекітілсін. «Абай облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шешім жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау және бекіту үшін Семей қаласы мәслихатының кезекті сессиясына енгізу ұсынылсын. Осы хаттама мен Қоғамдық кеңестің қорытындысы Семей қаласы мәслихатына және жобаны әзірлеуші мемлекеттік органға жолдансын. Семей қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасының орынбасары ______________ К. Тулеуов Семей қаласы Қоғамдық Кеңесінің хатшысы ______________ А. Виликс

    Жарияланды: