Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы алғаш рет ұйымдастырған байқауға өңірден 50-ге жуық өтінім түсті. Іс-шара 2026 жылғы 29 қазанда атап өтілетін Кәсіпкерлер күніне орай «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында өтті.
Іс-шараға әкімдік, квазимемлекеттік сектор және кәсіпкерлік қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ Семей қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Азат Құсайынов пен мәслихаттың бұрынғы депутаты Асқар Абдуллин қатысты.
Жеңімпаздарды анықтау барысында салықтық тәртіп, еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіпкерлердің іскерлік беделі ескерілді.
Байқау өңірде адал кәсіпкерлікті қолдауға, іскерлік этиканы дамытуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







