Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі ЕҚЫҰ-ның үйлестіру кеңесіне қатысты

    Бүгін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының аға прокуроры Ілияс Қарабаев ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің әріптестері қатысқан «Өңірлік өзара байланыстың қауіпсіздігін, орнықтылығы мен сенімділігін нығайту» тақырыбындағы ұлттық үйлестіру кеңесіне қатысты.

    Кездесуде мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері өңірлік сауда және көлік байланыстарының қауіпсіздігі мен орнықтылығын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

    Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі ЕҚЫҰ-ның үйлестіру кеңесіне қатысты

    Кеңес аясында Ілияс Қарабаев қатысушыларды Комитет қызметінің негізгі бағыттарымен, оның ішінде Қазақстанда инвесторлардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралармен, олардың өтініштеріне жедел ден қою тетіктерімен, әкімшілік кедергілерді жоюға және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған прокурорлық қадағалау шараларымен таныстырды.

    Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі ЕҚЫҰ-ның үйлестіру кеңесіне қатысты

    Мұндай шараларға қатысу халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және инвестицияларды қорғаудың тиімді тәсілдерін ілгерілетуге ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары