8 қараша күні кітапханада қазақтың ұлы ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклортанушы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Мәңгілік өнеге: Алтынсарин әңгімелері» атты оқырмандық перформанс өтті.
Іс-шараның мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің әдеби және ағартушылық мұрасын насихаттау, оның шығармалары арқылы жас ұрпаққа адамгершілік, білімге құштарлық, еңбекқорлық пен адалдық құндылықтарын дәріптеу. Шараға Шығыс Қазақстан облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 7, 8, 9-сынып оқушылары белсене қатысты.
Шара барысында: Оқушылар ұлы ұстаздың өмірі мен бай шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды ақпаратпен танысты. Жазушының «Әке мен бала» әңгімесі желісімен танымдық көрініс қойылып, кейіпкерлер бейнесі шебер сомдалды. Балалар Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды.Оқырмандардың білімін пысықтау мақсатында қызықты викториналық ойындар ұйымдастырылды.Шара соңында белсенділік танытып, рухани кештің мазмұнын аша түскен оқушылар мен оларды дайындаған ұстаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









