Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы

    Басқарма туралы

    Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, сонымен қатар тіл саясатын жүргізуді және оны үйлестіруді қамтамасыз етеді; театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі салаларында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құруына, қайта ұйымдастыруына және таратуына бастама жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөніндегі облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    «Жырың болып төгілемін»: облыстық оқушылар айтысы

    22 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Ұлттық сөз өнерін ұлықтаған шығармашылық додаға Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Өскемен қаласындағы мектептерден 13 жас ақын қатысты. Байқаудың мақсаты – дәстүрлі айтыс өнерін жас ұрпақ арасында насихаттау, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілетін шыңдау және шығармашылық әлеуетін дамыту. Сахна төріне домбырасын серік еткен жас ақындар шығып, өзара сөз қағыстырып, тапқырлығы мен шешендігін, ой ұшқырлығы мен суырыпсалмалық шеберлігін танытты. Қатысушылардың жырларына Отан, ел бірлігі, тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, туған жер мен Шығыс Қазақстаннан шыққан тарихи тұлғалар тақырыптары арқау болды. Жас айтыскерлердің өнерін облыс және республика көлеміне танымал үш ақыннан құралған қазылар алқасы бағалады. Қазылар қатысушылардың тіл шеберлігіне, тақырыпты ашуына, тапқырлығына, қарсыласына ұтымды жауап беруіне және сахна мәдениетіне назар аударды. Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын: Мұратханұлы Мұхтар ІІ орын: Мамырхан Інжу, Нұрәли Азатұлы; ІІІ орын: Бауыржан Раушанұлы, Айгүл Дашынқызы; Бас жүлде: Мағжан Ержанұлы. Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде алған жас ақын республикалық “Қола домбыра” оқушылар айтысына жолдама алды. «Жырың болып төгілемін» облыстық оқушылар айтысы – жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, сөз қадірін түсінуге, ана тілінің байлығын бағалауға және айтыс дәстүрін жалғастыруға жол ашатын маңызды шығармашылық алаң. Осындай өнер додалары жас таланттардың танылуына мүмкіндік беріп, ұлттық рухани мұраны дәріптеуге үлес қосады.

    22 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Экология өзімізден басталады»: Танир Яссамен кездесу

    21 қазанда А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада «Қоғамның экологиялық даму орталығы» ҚБ жетекшісі Ясса Танирмен жастар кездесуі өтті. Кездесу «Таза Қазақстан» қоғамдық экологиялық бастамасы аясында ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетке, жеке жауапкершілікке және жастардың табиғатты қорғау бастамаларына қатысу мүмкіндіктеріне арналды. Қазақстан Республикасы күні қарсаңында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау күнделікті қарапайым әрекеттерден басталатынын талқылады. Көшелер мен аулалардың тазалығын сақтау, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау, тұтыну мәдениетін қалыптастыру және экологиялық акцияларға қатысу – осының барлығы өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Кездесу барысында Шығыс Қазақстанның экологиялық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ясса Танир қазіргі заманғы экологиялық бастамалар туралы айтып, осы бағыттағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті және «Қоғамның экологиялық даму орталығы» ҚБ жобаларын таныстырды. Жастардың экологиялық мәселелерді шешуге қатысу мүмкіндіктері де жеке талқыланды. Қатысушылар шағын топтың күшімен, айтарлықтай қаржылық шығынсыз қандай бастамаларды жүзеге асыруға болатыны және пайдалы істі бастау үшін кейде идея мен әрекет етуге деген ниеттің өзі жеткілікті екені туралы ой бөлісті. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Жастар сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті және жеке экологиялық жобаларын жүзеге асыруды неден бастау керектігіне қызығушылық танытты. Кездесу соңында қатысушыларға қарапайым болғанымен, маңызды «Мен алдағы бір аптаның ішінде қандай өзгеріс жасай аламын?» деген сұрақ төңірегінде ойлану ұсынылды. Өйткені әрбір шағын қадам жаңа экологиялық әдеттің қалыптасуына бастау болып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етуі мүмкін. Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – Ясса Танирге Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалінің табысталуы болды. Бұл – бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға және сөз бостандығын нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін берілетін қоғамдық марапат. Марапатты Қазақстан Республикасы Журналистер одағының ШҚО филиалының төрағасы, «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі, облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты Мерей Қайнарұлы табыс етті. Қазақстан Республикасы күні қарсаңында өткен кездесу Отанға деген қамқорлықтың ауқымды жобалармен ғана емес, әр адамның күнделікті іс-әрекетімен де көрініс табатынын тағы бір мәрте еске салды. Өз қаласына, табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – елге деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Экология өзімізден басталады. Сондықтан, әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!

    21 қазан 2026 ж.Тікелей
    Өкім

    Документ

    Жарияланды: