«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын қамтамасыз ету және 2026 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған мерзімді тексеру жоспарын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасында мерзімді тексеру жүргізуде.
Тексеру барысында тіл туралы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері белгіленеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









