«ОҚИТЫН ҰЛТ: кітап оқудың жаңа дәуірі»

    1 / 7

    18 қараша күні кітапханада «Оқитын ұлт – кітап оқудың жаңа дәуірі» атты әдеби-талқы ұйымдастырылды.

    Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандар қызығушылығын арттыру және кітаптың адам өміріндегі рухани әрі танымдық маңызын насихаттау. Кездесу барысында әлем және қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының кітап туралы қанатты сөздері айтылып, оқырмандармен интерактивті әңгіме өрбіді.

    Шараның көркемдік мазмұнын қаламыздағы «Самға» жастар театрының актерлері толықтырып, Абай Құнанбайұлының «Болыс болдым, мінеки» өлеңін сахналық қойылым арқылы ұсынды. Бұл көрініс ұлы ақын шығармашылығын жаңа қырынан танытып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

    Кездесудің маңызды бөлігі Республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына арналды. Марафонға қатысушылар – Сәуле Манарбекқызы мен Әсем Аманбекқызы, Томирис Ермекқызы өздерінің оқырмандық тәжірибесімен бөлісіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарының қалай қалыптасқанын, марафонның өмірлеріне әкелген өзгерістерін әңгімеледі. Сондай-ақ кітап таңдаудың жолдары, оқуға уақыт табу, жастарды кітапқа баулу және оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру мәселелері талқыланды.

    Іс-шара соңында «Кітап оқуға неге уақыт таппаймыз?» тақырыбында шағын дәріс ұсынылып, кітап оқуға уақыт табудың тиімді жолдары мен пайдалы кеңестер айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" жаңалықтары