«Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік»

    1 / 7

    18 қараша күні кітапханада «Жолдау және қоғам: ортақ мақсат, ортақ жауапкершілік» атты қоғамдық талқылау жиыны өтті.

    ШҚО мәдениет басқармасының А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» ШҚО филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, ЖОО басшылығы, білім саласының өкілдері, ардагерлер, жастар ұйымдары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

    Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген маңызды міндеттер мен басым бағыттарды талқылау, олардың өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына ықпалын саралауға бағытталды.

    Жолдауды талқылау шарасына ШҚО әкімінің орынбасары А.С.Садырбаев, қоғам қайраткері, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы Т.Т.Түсіпбеков, «Әділет» партиясының ШҚО филиалының басшысы Ж.Ж. Мекеева, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Ж.Қозыбаева, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ білім-инновация жөніндегі проректоры Ж.Т.Қоңырбаева, С.Аманжолов атындағы ШҚУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Ж.А.Калимолдина, ШҚО Ішкі саясат басқармасы Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Е.С.Балтабеков, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ директоры Н.Е.Тлеубековалар қатысып, өз салалары бойынша Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жолдарына тоқталып, пікір алмасты. Әсіресе, мәдениет пен әдебиетті дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын қалыптастыру бағытындағы бастамалардың маңыздылығы атап өтілді.

    ШҚО әкімінің орынбасары А.С.Садырбаев ұлттық құндылықтарды насихаттау турасында қоғам бірлігі мен тұтастығын терең талдаса, қоғам қайраткері Т.Түсіпбеков мемлекетшіл сананы орнықтыру хақындағы ойымен бөлісті. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы директоры Н.Тлеубекова Президент батамасымен қолға алынған ауқымды жалпыұлттық мәдени-ағартушылық жоба – «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында «Кітап оқитын ұлт» идеясын кеңінен насихаттау, оқырмандық мәдениетті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

    Жиын қорытындысында Президент Жолдауында көтерілген міндеттерді жүзеге асыру – баршаға ортақ жауапкершілік екені айтылып, ел дамуына әр азамат өз үлесін қосуы қажеттігімен түйінделді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" жаңалықтары