«Қалам мен тағдыр үндестігі»: дөңгелек үстел

    1 / 7

    20 қараша күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында қазақ прозасының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қалам мен тағдыр үндестігі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында жазушы шығармаларындағы ел мен жер тағдыры, ұлттық болмыс, тарихи жады мен ұрпақ сабақтастығы мәселелері талқыланды.

    Шараның модераторы – Әскерхан Ақтай, жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
    Шарада спикерлері танымдық ақпарат ұсынып, Қабдеш атамыздың шығармашылығы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.:
    - Қабыш Балтекенов - Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің иегері, тарихшы ұстаз;
    - Ермек Кәрімбек, этнограф;
    - Гүлзира Жұмағұлова – ардагер кітапханашы, өлкетанушы.

    Сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2026 жылы жалпыұлттық оқуға таңдалған «Тағдыр» романына ерекше назар аударылды. Кездесу соңында қатысушылар арасында әдеби викторина ұйымдастырылды.

    Дөңгелек үстел қаламгер мұрасын кеңінен танытуға, тарихи шығармалар арқылы оқырмандардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы" жаңалықтары