1 / 6
Алматы қаласының құтқарушыларына жылдың барлық мезгілінде қызмет атқаруға арналған жаңа формалық киім жиынтықтары табысталды.
Таулы аймақтарда қызмет атқаратын құтқарушыларға ерекше көңіл бөлінген. Олар үшін күрделі жер бедері мен құбылмалы ауа райына бейімделген арнайы киім жиынтықтары қарастырылған.
Сонымен қатар, жабдық құрамында көріну деңгейі төмен жағдайларда, соның ішінде түнгі уақытта құтқарушылардың анық байқалуын қамтамасыз ететін ашық қызғылт сары түсті сигналдық киімдер де бар.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








