Өрт қауіпсіздігі онкүндігі аясында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Алматы қаласының қоғамдық кеңесі ұйымдастырған "Жеке оңалту орталықтары: құқықтық реттеу, қауіпсіздік және адам құқықтарын қорғау" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар тәулік бойы тұратын жеке оңалту орталықтарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін, соның ішінде эвакуациялауды ұйымдастыру, қауіпсіз болу жағдайларын қамтамасыз ету және өрт туындаған жағдайда персоналдың іс-әрекетке дайындығын талқылады.
Эвакуациялау кезінде бөгде көмекке мұқтаж адамдардың қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы санаттағы объектілерде өрт қауіптерін уақтылы анықтау мен алдын алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру өрт қауіпсіздігі талаптары туралы хабардарлықты арттыруға, профилактикалық жұмысты нығайтуға және адамдар тәулік бойы болатын мекемелерде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









