20–22 қараша аралығында қала аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған орай патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Әсіресе, түнгі уақытта рейдтік шаралар күшейтіліп, қоғамдық орындар мен қала көшелерінде бақылау жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.
Тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындауға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









