Атырауда қоғамдық орындарды ластағандар бейнебақылау арқылы анықталды

    Атырау облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы қоғамдық орындардың тазалығын бақылау барысында қоршаған ортаны ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректерін анықтады.
    Мәселен, 17 қараша күні сағат 11:40 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі автокөлік дөңгелектерін жөндеу орнының иесі пайдаланылған дөңгелектерді ғимараттың кіреберісіне үйіп, абаттандыру қағидаларын бұзған. Сондай-ақ, сағат 10:35 шамасында "Вокзал маңы" аялдамасында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған ер адам анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жыл басынан бері облыста абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 500-ден астам дерегі тіркелген.
    Құрметті облыс тұрғындары! Қоршаған ортаның тазалығын сақтап, қоғамдық орындарды ластамауға шақырамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары