Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде криминалистика пәні аясында полиция қызметкерлерінің қатысуымен кәсіби-тәжірибелік кездесу өтті. Іс-шараға 100-ге жуық студент қатысып, болашақ мамандар полиция қызметінің негізгі бағыттарымен, қылмыстарды анықтау және ашу барысында қолданылатын заманауи әдістермен танысты.
Кездесу барысында жедел-криминалистикалық қызмет мамандары оқиға орнын қарау, заттай дәлелдемелерді жинау және зерттеу тәсілдерін көрсетсе, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық пен өзге де киберқылмыстарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды түсіндірді. Ал кинологиялық қызмет орталығының мамандары қызметтік иттердің мүмкіндіктерін, оларды қылмысты ашу, есірткі заттары мен өзге де тыйым салынған заттарды анықтау кезінде қолдану ерекшеліктерін таныстырды.
Басты мақсат – болашақ мамандарға құқық қорғау органдарының қызметін таныстырып, полиция жұмысының ерекшеліктері мен жауапкершілігін көрсету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









