9–23 қараша аралығында Атырау облысы аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара аясында Исатай аудандық полиция бөлімі Жанбай полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Нұрсұлтан Дюсеновтің қатысуымен рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Рейд барысында табиғат қорғау заңнамасының сақталуына бақылау жүргізіліп, құқық бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері табиғат байлығын қорғау және заңсыз аңшылық пен балық аулау деректерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









