Индер аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Болат Айдын Оралбайұлының күнделікті қызметі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтардың өмірін қорғауға бағытталған. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 2016 жылы бастаған. Осы уақыт ішінде бірнеше рет адам өмірін сақтап қалуға бағытталған батыл әрекеттерімен көзге түскен.
Солардың бірі 2026 жылғы 21 мамырда Индер ауданында орын алды. Таңғы сағат 04:44 шамасында Қонаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкері тұрғындарды оятып, қауіпсіз жерге эвакуациялаған. Сонымен қатар өрт шыққан пәтердегі жас ерлі-зайыптыны аман-есен сыртқа алып шыққан.
Көрсеткен ерлігі үшін 2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Ал 12 қараша күні Алматы қаласында өткен «Қазіргі заман қаһармандары» акциясында полицейдің батылдығы мен қызметтік міндетіне адалдығы тағы да жоғары бағаланды.
Полицейдің бір күні – кейде бір адамның ғана емес, тұтас бір отбасының өмірін сақтап қалумен өлшенеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








