1 / 2
Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлыбек Ахметов «Киберволонтер бол» ақпараттық-медиа науқанына қатысқан өңірдің еріктілерімен кездесті.
Кездесу барысында интернет кеңістігіндегі есірткіге қатысты заңсыз контентті анықтап, оның таралуына жол бермеу бағытында белсенділік танытқан еріктілердің еңбегі атап өтілді. Осы орайда, үздік нәтиже көрсеткен киберволонтерлар облыстық полиция департаментінің атынан марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, еріктілердің көмегімен интернет кеңістігіндегі есірткіге қатысты 250-ден астам заңсыз контент анықталып, оларды бұғаттау бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









