Қоршаған ортаны қорғау, туған өлкеміздің тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Тазалық әр азаматтың өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Сондықтан қоқысты белгіленбеген орындарға тастауға, қоғамдық орындарды ластауға, жасыл желектер мен абаттандыру нысандарын бүлдіруге жол бермеу қажет. Бүгінгі таңда қоғамдық орындарды ластағаны және қоқысты белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін 332 тұлға, ал елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзғаны, инфрақұрылым нысандары мен жасыл екпелерді бүлдіргені үшін 5 369 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік күшейтілетінін ескертеміз!
Туған жеріміздің тазалығы – өз қолымызда!
Тазалықты сақтайық! Табиғатты аялайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








