2026 жылғы 11 қарашада «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы Аслан Нургазин Қостанай қалалық Полиция басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Галия Нурахметовамен бірлесіп, Қостанай қаласы білім бөлімінің «№ 1 мектеп-лицейі» КММ-нің 8–10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: «Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сталкингтің алдын алу».
Іс-шара барысында оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, сталкинг ұғымы және оның көріністері туралы ақпарат берілді. Жеке қауіпсіздік, жеке шекараларды құрметтеу, сондай-ақ қудалауға, қорқытуға және зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тақырыпты кеңінен түсіндіру мақсатында оқушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Одан кейін қатысушылар көмекке уақтылы жүгінудің және осындай жағдайларды жасырмаудың маңыздылығын талқылады.Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қудалауға жол берілмейтінін және мұндай жағдайлар назардан тыс қалмауы тиіс екенін түсіндіруге ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









