онлайн- семинар

    2026 жылғы 10 қарашада Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметкерлері «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында REACСТ қауымдастығы ұйымдастырған онлайн- семинарға қатысты.
    Семинар тақырыбы — «Контрафактілік өнімді анықтау әдістері: құқық иелерінің тәжірибесі».REACT қауымдастығы мен құқық иелерінің өкілдері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, түпнұсқа өнімді қолдан жасалған заттардан қалай ажыратуға болатынын түсіндірді, сондай-ақ Dyson, OSRAM, Hugo Boss, RAID, GLADE, Kiwi, TENA, Tork, Acuvue, Puma, L'Oréal және басқа да әлемдік брендтердің контрафактісіне тән белгілерін көрсетті.Алынған білім мен тәжірибелік ұсынымдар контрафактілік өнімді анықтау жұмыстарының тиімділігін арттыруға және зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға ықпал етеді.Зияткерлік меншікті қорғау - бұл заңды сақтау ғана емес, сонымен қатар құқық иелерінің еңбегін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру!

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінің
    Баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары