Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияда білім беру сапасын арттыру және педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара Ұлытау облысының әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Оның негізгі мақсаты – мектептегі оқу үдерісінің тиімділігін зерделеу және педагогтердің кәсіби қызметін жетілдіруге бағытталған әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік күн барысында орталық мамандары оқу сабақтарына қатысып, олардың ұйымдастырылу деңгейін, қолданылатын оқыту әдістерінің тиімділігін және оқушылардың оқу жетістіктерін зерделеді. Сонымен қатар мектепішілік бақылау жүйесінің жұмысына назар аударылды.
Зерделеу нәтижесінде педагогтерге сабақ сапасын арттыру, тиімді оқыту әдістерін қолдану және білім беру нәтижелерін жақсарту бойынша нақты әдістемелік ұсынымдар берілді.
Айта кетейік, Ұлытау облысының әдістемелік орталығы өңірдегі білім беру ұйымдарында осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Бұл жұмыс мектептердегі білім сапасын бақылаумен қатар, педагогтерге тұрақты әдістемелік қолдау көрсетуге және оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









