Ұлытау ауданының Қарсақбай кентінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жаңғыртылған мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, Қарсақбай металлургия зауытының директоры Қадір Маткенов, Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Мырзабеков қатысты.
Жаңғырту жұмыстары аясында мәдениет үйінің залдары мен үйірме кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар аумақта көлемі 10×5 метр болатын ашық сахна, ұлттық нақыштағы арт-киіз үй мен алтыбақан орнатылды.
Жаңартылған мәдениет үйі кент тұрғындарының мәдени іс-шараларға қатысуына, шығармашылық үйірмелердің жұмысын дамытуға және жас таланттардың өнерін шыңдауына мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









