Жезқазған қаласында ауызсуды тазартуға арналған гидроцехты қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Тәулігіне 66 мың текше метр су тазартуға қауқарлы жаңартылған кешенді 2027 жылдың қыркүйегінде іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта нысанда 126 маман еңбек етуде. Биыл жобаны жүзеге асыруға жаңа мердігер ұйым – «Integra Construction KZ» ЖШС кірісті.
Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Маруа Келмағанбетова қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді. Ол нысанды аралап, мердігер ұйым өкілдерімен алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Құрылыс талаптарының сақталуына, жұмыс сапасына және әр кезеңнің белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








