Ұлытау облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді: 5 жылжымалы бекет жұмыс істейді

    Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мал ұрлығының алдын алу және тұрғындардың мүлкін қорғау бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта өңір аумағында бес жылжымалы полиция бекеті қызмет атқарып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайты Ұлытау облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Жыл басынан бері облыста мал ұрлығына қатысты 19 қылмыс тіркелген. Жаңаарқа ауданында жүргізілген полиция жұмысының нәтижесінде үш қылмыстық топ әшкереленіп, олардың сегіз қылмысқа қатысы анықталған.
    Мал ұрлығының алдын алу және құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында өңірде бес жылжымалы полиция бекеті жұмыс істейді. Бұл шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындардың мүлкін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған.
    Сонымен қатар полиция қызметкерлері мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмауға және оның сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
    Құқық қорғау органдары мал ұрлығының алдын алуда полицияның профилактикалық шараларымен қатар, мал иелерінің сақтық танытуы да маңызды екенін еске салды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары