Көктайғаққа байланысты Жезқазған – Қарағанды тасжолында полиция бақылауы күшейтілді

    Ауа райының күрт өзгеріп, жолда көктайғақтың пайда болуына байланысты патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Жезқазған – Қарағанды автомобиль жолында профилактикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Полиция қызметкерлері автокөліктердің қысқы дөңгелектермен жабдықталуын тексеріп, жүргізушілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын түсіндірді.
    Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары