ШҚО ТЖД қызметкерлері жастарға мамандық таңдауға

    1 / 4

    Жастармен кәсіби бағдар беру жұмысы барысында құтқарушылар болашақ талапкерлерді ҚР ТЖМ Академиясына түсу және оқу мүмкіндіктерімен таныстырды.

    Кездесулерде оқушыларға қажетті дайындық бағыттары, курсанттық өмірдің ерекшеліктері және азаматтық қорғау органдары жүйесінде одан әрі қызмет ету перспективалары туралы айтылды.

    М. Ғабдуллин атындағы Академиясында өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау, өрт сөндіру және авариялық-құтқаруісіжәне азаматтық қорғаныскүштерінің командалық тактикалықсаласында мамандар даярлайтыны айтылды.

    Оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Курсанттар нысанды киім-кешекпен, тамақпен жәнешәкір ақыменқамтамасыз етіледі.

    Маңызды артықшылығы - оқу жылдары мерзімді әскери қызмет өткеру ретінде есептеледі.

    Мұндай кездесулер жастарға құтқарушының жауапты және маңызды кәсібін таңдап, кәсіби білім алу, мансап құру және қоғамға қызмет ету мүмкіндіктері туралы білуге көмектеседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары