Шығыс Қазақстан облысында цифрландыру және ақпараттық технологиялар күніне орай "Болашақ ойындары" атты спорттық жарыстар өтті. Жарысқа ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шараларды өткізу қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен спорттық белсенділікті біріктіруге, командалық өзара іс-қимылды, реакция жылдамдығын, стратегиялық ойлауды дамытуға және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Жарыс Lazertag және VR-TACTICS тәртібі бойынша өтті, бұл қатысушыларға жаңа технологиялармен танысуға мүмкіндік берді.Құтқарушылар барлық қатысушы командалардың ішінен екінші орынды иеленді, тек тамаша дене дайындығын ғана емес, сонымен қатар озық технологиялармен жұмыс істеу қабілетін де көрсетті.
"Болашақ ойындары" жеке құрамды даярлау және қызметкерлердің командалық рухын нығайту процесіне инновациялық тәсілдерді одан әрі енгізу үшін тамаша негіз қалады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









