Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шағын және орта бизнесті дамыту бағытының басшысы Global Academy алаңында өткен кездесуге қатысты. Іс-шара Almaty City Center қонақүйінде ұйымдастырылып, оған кәсіпкерлер мен мейрамхана бизнесінің өкілдері жиналды.
Кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді ортаға салып, тәжірибе алмасты. Мұндай кездесулер бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдауға, өзекті сұрақтарды талқылауға және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлермен өзара іс-қимылды дамыту және қалада бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








