БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

    1 / 15

    Алматы қаласында Абай облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

    2026 жылғы 7–8 қараша күндері Алматы қаласында, Шевченко көшесінің Пушкин мен Қонаев көшелерінің арасындағы бөлігінде Абай облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылады.

    Іс-шара аясында жалпы көлемі 100 тоннадан астам, 20-ға жуық өнім түрі ұсынылады. Атап айтқанда, сиыр, жылқы және қой еті, өсімдік майы, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұлттық тағамдар – құрт, бауырсақ, сондай-ақ кондитерлік өнімдер мен басқа да азық-түлік тауарлары саудаға шығарылады.

    Жәрмеңке Алматы қаласының тұрғындарына Абай облысында өндірілген табиғи әрі сапалы өнімдерді орташа нарықтық бағадан 8–20%-ға төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

    Жәрмеңке қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өндірушілерден тұтынушыларға ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді дамыту жөніндегі жұмыстар аясында ұйымдастырылады.

    Барша қала тұрғындарын өңірлік жәрмеңкеге шақырамыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" жаңалықтары