ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

    1 / 11
    Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және тұрғындарды қолжетімді бағадағы отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды.
    Сауда алаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды. Азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 30-50 пайызға төмен сатылып, тұрғындарға тиімді бағамен сауда жасауға мүмкіндік берді.
    Жәрмеңкеде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат секілді көкөністермен қатар ет және сүт өнімдері де саудаланды. Күнделікті тұтынатын қажетті тауарларға сұраныс жоғары.
    Мұндай жәрмеңкелер азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтауға, халықтың әлеуметтік жағдайын қолдауға және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға ұсынуына мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары