ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӨШЕДЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 15
    Бірлік секторындағы Атабай тасжолы мен Наурызым көшесінде жол жабынын жаңарту және көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. Екі көшенің жалпы ұзындығы 5,91 шақырымды құрайды.
    Ұзындығы 3,31 шақырымды құрайтын Атабай тасжолында ескі асфальт жабыны мен жол негізі толық алынып, қайта төсеу жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда жол негізін дайындау және ірі түйіршікті асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды.
    Ал ұзындығы 2,6 шақырым болатын Наурызым көшесінде ескі жол жабыны мен негізі демонтаждалып, су ағар науалары орнатылды. Бүгінде мұнда асфальт төсеу жұмыстары басталды.
    Жоспарға сәйкес, қос көшедегі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін толық аяқталады.
    Жалпы, Түркістан қаласында 875 көше бар. Олардың жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда көшелердің 67 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделген. Осы мақсатта 173 көшеде 150 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бүгінде 48 көшеде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары