1 / 14
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Кезекті қабылдауға 14 азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді тікелей жеткізді.
Көтерілген мәселелердің басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер кезегі, архитектуралық ұсыныстар мен боча спортын дамыту, ескерткіш орнату және кәсіпкерлікті қолдау бағыттарына қатысты болды. Сонымен қатар «Отбасы банк» қызметіне байланысты өтініштер мен арыз-шағымдар да қаралды.
Әзімбек Пазылбекұлы әрбір өтініштің мән-жайына жеке тоқталып, тұрғындарға ҚР-ның «Тұрғын үй қатынастар туралы» Заңының талаптарына түсіндіру жүргізіп, әкімдік тұрғындардың әрбір мәселесіне бейжай қарамайтынын, барлық өтініштер бақылауға алынып, заң аясында тиісті шешімдер қабылданатын жеткізді.
Айта кетейік, қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес әр айдың үшінші сәрсенбісінде өткізіледі. Қабылдауға жазылу үшін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жолдауға немесе Азаматтарды қабылдау орталығына (фронт-офис) жүгінуге болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









