Мыңдаған мекенжай тексерілді

    30 мыңнан астам тұрғын үй нысаны тексеріліп, 9 мыңнан астам мекенжай пысықталды, жүздеген құқық бұзушылық анықталды.

    Алматыда «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды.

    Полиция қызметкерлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауға да ерекше назар аударды. Мәселен, Жетісу ауданында жүргізілген тексеру кезінде осы санаттағы 70-тен астам адам анықталып, полицияға жеткізілді. Олардың жеке басын тексеру барысында ұрлық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген азамат анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Жалпы, іс-шара барысында қала бойынша көші-қон заңнамасын бұзудың 818 дерегі анықталды.

    Тұрақты тұрғылықты жері жоқ 364 адам ұсталды. Сонымен қатар есірткі жарнамасы бар 845 жазу өшірілді.

    Тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Басты мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары