Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті нығайту жөніндегі Жаһандық бастаманы қолдау бойынша қызмет туралы

    1 / 3

    Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ Кеңсесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Халықаралық гуманитарлық құқыққа саяси бейілділікті нығайту жөніндегі Жаһандық бастаманың алты құрылтайшы мемлекетінің (Қазақстан, Бразилия, Қытай, Франция, Иордания және Оңтүстік Африка) өкілдерімен, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп, Кения Республикасының Сыртқы және диаспора істері министрлігінің көпжақты мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары, елші Нджамби Киньюнгумен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Кенияның халықаралық гуманитарлық құқық жөніндегі Жаһандық бастамаға белсенді қатысуы, оның ішінде Алдын алу саласындағы үздік тәжірибелер жөніндегі жұмыс тобына бірлесіп төрағалық етуі атап өтілді, сондай-ақ 2026 жылғы 7 желтоқсанда Амманда (Иордания) өтетін «Соғыс кезіндегі адамгершілік» жоғары деңгейдегі конференциясына Кенияның қатысуының маңыздылығы ерекше көрсетілді.

    Елші Нджамби Киньюнгу алдағы Конференцияның шақырылуын құптап, Конференция қорытындысы бойынша қабылдау жоспарланып отырған «Саяси декларация» мемлекеттер мен өзге де субъектілердің халықаралық гуманитарлық құқықты (ХГҚ) сақтау және іске асыру әлеуетін нығайтуға ықпал етеді деген сенім білдірді. Ол Кенияның Конференция жұмысына үлес қосуға және оның қорытындыларының тиімді жүзеге асырылуына жәрдемдесуге дайын екенін растады.

    Анықтама:ХГҚ саяси бейілділікті нығайту жөніндегі Жаһандық бастама 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанның, Бразилияның, Қытайдың, Францияның, Иорданияның және Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық Қызыл Крест комитетімен бірлесіп көтерген бастамасымен өз бастауын алды. Бүгінгі таңда Бастамаға әлемнің 128 мемлекеті қосылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары